Нашар көретіндерге арналған

logo
print

«АБАЙ МҰРАСЫ» атты онлайн өнер байқауы

«Қамысты ауданы әкімдігі білім беру бөлімінің №2 Қамысты орта мектебі» ММ 9- сынып оқушысы Көпшілік Перизат Болатқызының биік белестерді бағындырып, көркем сөз оқудың қас шебері екенін мақтанышпен айта аламыз. Көпшілік Перизат Абай атасының өлеңдерінен нәр алып, сусындап келеді. Бірнеше рет «Абай байқаулары» сайысында ауданымыздың намысын қорғап , жүлделі орындарға ие болды.

Енді міне, Республикалық балалар мен жасөспірімдер арасындағы Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай өткізілген «АБАЙ МҰРАСЫ» атты онлайн өнер байқауының жеңімпазы атанып отыр. Бұл сайыста Көпшілік Перизат Абай атамыздың «Әсемпаз болма әрнеге» атты өлеңің мәнерлеп айтып, І орынға ие болды. І дәрежелі диплом және медальмен марапатталды. Көпшілік Перизаттың болашағынан үлкен үміт күтеміз. Әлі талай сайыстардың жеңімпазы атанатынына сенеміз, сәттілік тілейміз!!!!


Келушілер саны: 267

Жоғары